2025 жылғы қыркүйек айында «Балдырған-2013» балабақшасында ата-аналарға арналған
«Жаңа оқу жылына дайындық – баланың табысты дамуының кепілі» тақырыбында ақпараттық-кеңес жұмысы өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – ата-аналарды жаңа оқу жылына дайындықтың маңыздылығымен таныстыру, баланың тәрбие мен оқу үдерісіне бейімделуіне қолдау көрсету жолдарын түсіндіру, ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Шара барысында қаралған негізгі мәселелер:
баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру;
балабақшаға қажетті құралдарды дайындау;
баланың психологиялық бейімделуіне ата-ананың ықпалы;
балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау;
денсаулықты сақтау және қауіпсіздік шаралары;
тәрбиешімен тұрақты байланыс орнату.
Ата-аналарға әдістемелік кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Кері байланыс ұйымдастырылды.
Қорытынды:
Өткізілген ақпараттық кеңес ата-аналардың жаңа оқу жылына дайындық туралы білімін арттырды. Балалардың бейімделу процесін жеңілдетуге ықпал етті. Алдағы уақытта осындай жұмыстар жалғастырылады.