Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Қосшы қаласы бойынша "Балдырған-2013" балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" 2024 жыл
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Ақмола облысы Қосшы қаласының "Балдырған-2013" балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз / проактивті/ "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетілетін
2024 жылы -31 қызмет көрсетілді, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы "akmola.kz" - 31, "электрондық үкімет" порталы арқылы-0.
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)
2024 жылы ақпараттық жүйе арқылы -31 қызмет көрсетілді akmola.kz-31, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы -0.
2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Қосшы қаласының балабақшасы "Балдырған-2013" ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
Қосшы қ. Төле би көшесі 25, "Балдырған-2013" балабақша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облысының білім басқармасы, телефон нөмірлері:
8 701 607 28 10, электрондық мекенжайы: sametova_marzhan@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
"Балдырған-2013"балабақшасының меңгерушісі: Саметова М.Ж